Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Душанбе саунасына қос жұпты неке куәлігінсіз кіргізбейді

KAZAKBOL.COM

Душанбе қаласында некеде тұрмаған жұпты саунаға бірге кіргізбейді. Сауна қожайындары енді ерлі-зайыптылар неке туралы куәлік көрсетуі керектігін растады.

«Ерлі-зайыптыларға ешқандай кедергі жоқ. Ал некеде тұрмаған жұп үшін демалыстың мұндай түріне тыйым салынған. Мұндай ережені қала билігі енгізді», — деді 22 қазанда дереккөз.

Душанбе тұрғыны Дилшодты өткен аптада әйелімен саунаға бірге жібермеді, өйткені олар неке туралы куәлік көрсетпеген. «Біз жаңа ереже туралы білмедік, сол себепті ерлі-зайыпты екенімізді дәлелдей алмадық. Сауна қожайындары бұны билік ережесі деп түсіндірген», — деді қала тұрғыны.

Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы ​Умарджон Эмомали мұндай ереже жезөкшелер жайлаған мекендермен күресу үшін жасалғанын айтқан. Сол себепті сауналар мен басқа да мекемелердің қожайындарына қатаң ескертілген.

Қаладағы қонақ үйлердің қожайындары да осындай ескерту алған. Жекеменшік қонақ үйлердің ресепшнінде ерлі-зайыпты еместерге бірге нөмір берілмейтіні айтылған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM