Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Каримов тұсында қуғындалған танымал кәсіпкер Өзбекстанға оралды


«Пахтакор» футбол клубы мен «Өзбекстан» қонақ үйінің бұрынғы қожайыны, «Батыр алюминий» деген лақап атпен танымал Батыр Рахимов өткен аптада Ташкентте лауазымды тұлғаның тойында бой көрсетіп қалды.

55 жастағы Рахимов 2010 жылы Өзбекстанда ұсталған, кейін босатылып, ол соңғы он жылдан бері Біріккен Араб әмірлігі және Түркия елдерінде тұрып келген.

2000 жылдың басында ол ТМД аясында алюминий кәсібін жүргізген.

Рахимов Өзбекстанда бизнестен кетіп, бірақ президент Шавкат Мирзияев отбасына жақын адамдардың бірі ретінде қалған.

Батыр Рахимовқа тұрмысқа шыққан Диёра Усманова Шавкат Мирзияевтің әйелі Зироатхон Мирзияеваның немере сіңлісі болып келеді. 2017 жылы олардың ұлы дүниеге келген.

Диёра Усманованың бірінші күйеуі Бабур Усманов миллиардер Алишер Усмановтың немере інісі. Ол 2013 жылы Ташкентте көлік апатынан қайтыс болған.

Сарапшылар Рахимовтің Ташкенттен көрінуі оған бизнес жасауға рұқсат берілді деген сөз деп болжам айтады.

Олар алғаш рет 2020 жылдың қазан айында президенттің үлкен қызы Саида Мирзияеваның «Мендирман Джалолиддин» фильмінің тұсау кесеріне келген.

Дереккөз мәліметінше, Батыр Рахимов билік өтінішімен оппозициялық «Эрк» партиясының лидері Мұхаммад Салихпен кездесіп, араағайындық жүргізген. Оның сонымен бірге қылмыс әлемімен байланысы бары да айтылады.

Ол 2010 жылы Ислам Каримов тарапынан қуғындалған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM