Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

КАСПИЙДЕ ИТБАЛЫҚТАР КҮРТ АЗАЙҒАН

KAZAKBOL.COM

Соңғы қырық жылда Каспийде итбалықтардың 90 пайызы жойылып кеткен. Бір кездері Ақтау мен Атыраудағы жағалаулардан көретін теңіз сүтқоректілері бүгінде ұрықтанатын жасқа да жетпей қырылуда. Әлемге «эндемик» деген атаумен танылған итбалықтарды қорғап қалу үшін не істемек керек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Эндемик» сөзін қазақшаға аударсақ, еш жерде кездеспейтін түр деген мағына береді. Шынымен де, Каспийдегі итбалықтарды өзге елден, басқа жердегі су беттерінен таба алмайсыз. Осыдан 40 жыл бұрын бұл теңіз сүтқоректілер популяциясы бес елдің шекаралас суында миллионнан асыпты. Қазір 100 мыңға әзер жетеді. Бірақ, бұл көрсеткіштен де кем болуы да ықтимал.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:
«Соның өзінде біз айтқандай, 100 мың бар ма, жоқ па, күмәніміз бар, жасыратыны жоқ. Сонымен қатар, біз бұл мәселені Каспий елдерімен әр деңгейлерде көтеріп жүрміз.»

Министр Ресей ғалымдары итбалықтардың саны 300 мыңға жетеді деп отыр, дейді. Бірақ, бұл ақпарат нақтыланбаған. Сондықтан біздің тарап шұғыл мемлекетаралық зерттеулер жүргізуді ұсынған .

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:
«Ең бірініші біз нақты санын айқындауымыз керек. Екіншіден, нақты анықтаған соң, тиісті өзгерістер жүргізуіміз керек. Қазір кемелер жүреді, сол кемелер маршруттарын өзгерту керек шығар. Тағы бір проблема қалдырып кеткен аулар.»

Кезінде популяциясы миллионнан асқан бұл сүйкімді сүтқоректілерді мұндай жағдайға браконьерлер жеткізген. Сорақысы сол, жеңіл жолмен пайда іздегендер Каспийдегі бекіре балықтарға салған ауларға итбалықтар түседі. Терісі нәзік болған тіршілік иесі босатылса да, алған жарақаттарынан тірі қалмайды екен.

ӘСЕЛ БАЙМҰҚАНОВА, ЭКОЛОГ:
«Өлім-жітім көрсеткішін сараптадық. Статистикаға сенсек, итбалықтардың өмір сүруі екі есе азайған. Осыдан 40 жыл бұрын олар 50 жасқа дейін жетсе, қазір 25-30 жыл ғана тіршілік етеді.»
Эколог Әсел Баймұқанова өлім-жітімнің артуына Каспийдің ластануы да себеп, дейді. Салдарынан итбалықтар ұрық қалдыратын кезең, яғни 8 жасқа дейін жетпей қырылуда. Сондай-ақ соңғы жылдары адамдар сүтқоректілердің жатын орнын басып алып, көбеюіне кедергі болып келеді екен.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM