Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Католик шіркеуінің өкілдері алпыс жыл бойы мыңдаған баланы зорлап келген

KAZAKBOL.COM

Фото әлеуметтік желіден алынды

Австралияда мыңдаған адам католик шіркеуінің қызметшілері тарапынан болған зорлықтың құрбаны болды, деп хабарлайды vesti.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Төрт жарым мың адам 1980 жылдан 2015 жыл аралығында шіркеу өкілдерінің жыныстық зорлығына шыдап келген. Патшайым комиссиясы жүргізген тергеу кезінде анықталғандай, 60 жыл бойы балаларды жыныстық зорлауға шіркеу өкілдерінің жеті пайызының қатысы бар болып шықты.

«Осындай қылмыстық әрекетке барып, оны жасырып келген священниктердің ісін қатаң қарау маңызды. Мұнымен тек билік қана айналыспау керек, бүкіл католик қауымы іске қосылуы тиіс. Зорлық құрбандарына қолдау көрсету қажет, әділет орнауы тиіс. Барлық қылмыс жөнге келтірілуі керек. Баланы қорғау шіркеу мәдениетіне енуі тиіс», — дейді австралиялық ақиқат кеңесінің директоры Фрэнсис Салливан.

Тергеу нәтижесі балалардың шағымын ешкім тыңдамағанын, оларды жазалап отырғанын, құжаттардың көзін жойып, жасырғанын анықтады. Жәбірленген балалардың орта жасы 10-11 жастағы ұл-қыздар.

Ватикан бұл жағдайды басты назарда ұстап, олардан нақты қорытындылар күтіп отыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM