Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Келіні ыстық су шашып күйдірген 90 жастағы әжейдің аянышты халі көпшілікті алаңдатты

KAZAKBOL.COM

Кадр «Астана» арнасынан алынды

Ене мен келін арасындағы текетірес қай заманда да өзекті болған. Дегенмен, өз енесін аяусыз ыстық сумен күйдіріп, 90 жастағы кейуананы ауыр азаптарға душар еткен келіннің оқиғасы бүкіл ауылды дүрліктірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл оқиға туралы 90 жастағы кейуананың ауылдасы айтып берді. Оның айтуынша, отбасы осы күнге дейін келінінің шайпау мінезінен көп зардап шеккен. Кез келген нәрсеге ұрыс шығаруға дайн тұратын келіннен әулеттің бәрі аулақ жүруге тырысатын, дейді ол.

«Оның осы үйге келін болып түскеніне жиырма жыл өтті. Төрт баласының алды тіпті жоғары оқу орнында оқиды. Анамыз тоқсандағы қария. Өзінің жасы да елуге келіп қалған. Түрлі қылықтарын көріп жүрміз. Бірақ мынасы сорақы болады. Бір аяғы көрде отырған кісіні үндемей тыныш отыр деп қолын ыстық сумен күйдірген. Шәугімдегі суды қолына құйып жіберген«, — деп айтып берді ол.

«Бұл ол кісінің қырыққа кеп өмірге әкелген ұлы ғой. Осы үйге келін болып түскелі бері одан бір жақсылық көрмедім деп жылайды. Ол кісі бала сияқты.

Тамақты та талғап жейді, тісі жоқ, күтім керек. Міне, осының бәріне шыдамай отыр екен келіні. Қыздары үйге алып кетейін десе, анасы бармайды. Елден ұялып, намыстанады», — дейді ол.

Ал күнделікті анасы мен әйелінің текетіресінен шаршаған күйеуі ішімдікке салынып, істеп жүрген жұмысынан шығып кеткенін айтады.

«Келіннің жеке дүкені, көлігі бар. Оған ешкім ештеме демейді, қызғанып отырғанымыз жоқ. Бірақ тоқсанға келген қарияның қанша өмірі қалды дейсің. Бір-екі ауыз айтқан сөзі үшін осылай істеуге бола ма? Бетінен алып, аузын аштырмайтынын айтпай-ақ қояйық. Әпкелері де інісіне келінмен арасы дұрыс болсын деп сөз айтпайды. Бірақ қолы күйген ананың халін көргенде ол шыдамай ажырасуға бел буған.

Ауруханадан шыққан бойда үйге келсе,  ол өзі киімдерін жинап кетіп қалыпты. Содан үйге келмеген. Күйеуі болса сандалып жалғыз жүр. Елуге келгенде енді жаңадан отбасын құру оңай ма? Оның өмірі не болмақ. Жеті бөлмелі үйде анасымен бірге жалғыз өзі  ғана тұрып жатыр. Ие болып отырмай ма сол үйге?  Қазіргі әйелдерді түсінбей-ақ қойдым«, — деген ауылдасы таңданысын жасыр алмағанын айтады.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM