Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Кемерово тұрғындары биліктің отставкасын талап етіп, митингке шықты (видео)

KAZAKBOL.COM

Кемеровода бірнеше жүздеген тұрғын облыстық әкімдік ғимараты алдына наразылық акциясына жиналды. Қаладағы «Зимняя вишня» сауда және ойын-сауық орталығында шыққан өрттен, ресми мәлімет бойынша, 64 адам опат болған.

Олар биліктен өрт туралы шындықты жасырмай айтуын талап етті. Көпшілік сауда орталығында қаза болған адамдардың ресми санына сенбейді. Олар өрттен жүздеген адам өлді деп есептейді. Митингке қатысушылар құтқарушылардың жұмысына көңілдері толмайтынын жеткізді. Олар қайғылы оқиғаның әділ әрі мұқият тексерілуін талап етті.

Адамдар «Шындық керек!», «Губернатор отставкаға кетсін!» және «Путин де кетсін» деп айқайлады. Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев акцияға келген жоқ. Жиналған адамдар алдына оның орынбасары Сергей Цивилев шықты. Өлген адамдар тізімін толық жариялауын талап еткен халық талабына Цивилев сауда орталығындағы өрттен кейін із-түссіз жоғалғандар туралы мәліметті полицияға хабарлауын сұраған. Халыққа Кемерово мэрі Илья Середюк шығып, мәліметтердің растығын тексеру үшін мәйітхананы барып көруге болатынын айтқан. Жергілікті тұрғындар бес адамнан тұратын топ құрған, олардың арасында Бірінші арна және Ассошиэйтед пресс журналистері, мэр және тағы бірнеше белсенді бар.

Сейсенбі күні Кемеровоға Ресей президенті Владимир Путин ұшып келді. Ол «Зимняя вишня» сауда орталығы алдында халық жасаған мемориалға гүл қойды. Митингке президент шыққан жоқ.

Президент қайғылы оқиғаның себебін «селқостық» деп атаған.​

Кемерово облысының астанасындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт 25 наурызда тұтанды. Ресми мәлімет бойынша, өрттен 64 адам опат болған, бірақ куәгерлер қаза болғандар саны одан көп дегенді айтып отыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM