Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Кемпірабад ісі»: адвокат Журабаеваның денсаулығы нашарлағанын жеткізді

KAZAKBOL.COM

Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы мүшесі, «Кемпірабад ісі» бойынша қамауда отырған Гүлнара Журабаеваның денсаулығы нашарлап кеткендіктен, оны ауруханаға жатқызу керек.

Осылай деп оның адвокаты Бақытбек Автандил уулу мәлімдеді.

Адвокат абақтыдағы жағдай 64 жастағы Журабаеваның денсаулығына кері әсерін тигізгендіктен, оның созылмалы аурулары асқынып кеткенін жеткізді.

«Қылмыс жасамаған, оның үстіне жасы келіп қалған адамды түрмеге жабу ақылға сыймайтын дүние», — деген заңгер 27 ақпанда Азаптауға қарсы ұлттық орталық өкілдері Журабаевамен жолығып шыққанын растады.

Қырғыз-өзбек шекарасындағы Кемпірабад су қоймасының жері Өзбекстанға өтіп жатқанына наразылығын ашық білдірген отызға жуық белсенді былтыр қазан айынан бері Бішкектің №1 тергеу абақтысында қамауда отыр. Олардың біразы денсаулығына байланысты үйқамаққа шығарылды және ауруханаға жатуға рұқсат алған.

Милиция қамауда отырғандар жаппай тәртіпсіздік жасауға әрекет еткенін, айыптары бойынша дәлелдері жеткілікті екенін мәлімдесе, қамалғандар өздерінің кінәсі жоқ екенін айтып, мұны саяси қуғындау деп атайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM