Қаза болған қыз бала. Фото: life.ru
Сяо Фей есімді жасөспірім әкесінің еміне ақша табу үшін оқуын тастап, жылжымайтын мүлік компаниясына жұмысқа орналасады.
Әкесінің айтуынша, қызды бастығы кешіккені үшін жазалаған. 100 рет жаттығу жасаған қыз кешке үйіне келгенде өзін жайсыз сезініп тұрғанын жеткізген.
Қыз баланың келесі күні таңертең аяғы қозғалмай қалған, бірнеше күннен кейін қолы да қозғалудан қалады.
Қаза болған қыз бала. Фото: life.ru
Аяқ-қолы жансыз болып қалған қыздарын ата-ансы дереу ауруханаға жеткізеді. Ақ халаттылар оны бірден жансақтау бөліміне жатқызады.
Тексере келе дәрігерлер Сяоға жүйке жүйесінің шаршауынан болатын Гийена – Барре синдромы деген диагноз қойған. Сяо 10 күннен кейін ауруханада қайтыс болды.
KAZAKBOL.COM