Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Етті қанмен араластырып жейтін тұрғынның миы құрттап кетті

KAZAKBOL.COM

Қытайлық тұрғын етті шала пісіріп, қанмен араластырып жеймін деп миына құрт түсірді деп хабарлайды gfaclaims.com-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Цзянси провинциясының Наньчан қаласында орын алған. 26 жастағы Лю есімді тұрғынның бастапқыда басы жиі ауыратынды шығарыпты. Дәрігерлер алғашында науқастың басы неліктен ауыратын білмей дал болған. Кейін қан тапсырған уақытта оның ағзасында Spirometra mansoni құртының бар екені анықталған.

Дәрігерлер құртты науқастың миынан тапқан. Олар дереу ота жасап, құртты басынан алып тастаған екен. 26 жастағы тұрғынның миынан құрттың табылу себебін мамандар оның етті үнемі шала пісіріп жеуінен деп біліпті. Белгілі болғандай, науқас етті үнемі қанға бөктіріп, қуырып жейтін көрінеді.

Шанхай нейрохирургия орталығының президенті Го Хуэйдің айтуынша, мұндай құрт суды қайнатып ішпеген, етті немесе балық етін дүрыс пісірмеген жағдайда ағзаға енеді екен. Осылайша ол адамның кез келген ағзасына сіңіп алуы мүмкін екен. Профессор әдетте мұндай адамдардың басы ауырып, жүрегі айнитынын, аузынан қан кететінін айтқан.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM