Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

KIA КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӨЛІКТЕРІН ӨНДІРІСТІК ЖИНАУ ҚАЗАҚСТАНДА БАСТАЛДЫ

KAZAKBOL.COM

Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы. 7 шілде 2022 жыл. Нұр-Сұлтанда Orbis Heavy Machinery мамандандырылған автотехниканы шығару бойынша мультибрендтік зауыттың ашылуы болды. Кәсіпорынның жұмысы толық цикл технологиясы (CKD) бойынша KIA коммерциялық техниканың өндірісінен басталды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты бірінші кезеңде жылына коммерциялық және мамандандырылған автомобиль техникасының 11880 бірлігін шығаруға есептелген.

Orbis Heavy Machinery зауыты – Orbis Kazakhstan компаниялар тобының еншілес кәсіпорны. KIA Corporation және Orbis Kazakhstan арасындағы Лицензиялық келісімге 2021 жылы қол қойылған. Келесі кезең ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қою болуы тиіс.

Жобаға салынатын инвестициялар саны 11 млрд теңгені құрады, жобаны іске асыру Orbis компаниясының меншікті қаражаты есебінен де, «Сбербанк Қазақстан» АҚ ЕБ-ден алынған кредиттік қаражат есебінен де жүзеге асырылды. Жоба ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. «Астана-жаңа қала» АЭА аумағында орналасқан зауыт кешенінің жалпы ауданы 4,5 га құрайды, бірінші кезеңдегі өндірістік үй-жайлардың ауданы – 9 мың шаршы метр. Зауыт бірінші кезеңде өндірістік және әкімшілік қызметпен айналысатын 240 қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, зауыт Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі KIA коммерциялық техникасының алғашқы өндірістік алаңы болып табылады. Зауыт кешеніне дәнекерлеу, бояу және құрастыру бойынша өндірістік алаңдар, сондай-ақ қондырмаларды өндіру цехы кіреді. Зауытта өнеркәсіптік құрастыру немесе Complete Knock Down «CKD» жүзеге асырылады, бұл шанақтың құрамдас бөліктерін дәнекерлеуді, шанақты толық сырлауды, сондай-ақ бөлшектерді, тораптарды, агрегаттар мен интерьер элементтерін жинауды көздейді.

Өндірістік желіні кореялық ірі автоөндірушілердің мердігері болып табылатын және автомобиль жасаудың барлық заманауи әлемдік стандарттарына сәйкес келетін корей жабдығын жеткізуші салған. Өндіріс Корея Республикасы, Түркия, АҚШ, Германия және Қытай сияқты елдердің жаңа технологиялық жабдықтарымен жабдықталған; шетелдік мамандардың қолдауымен кәсіпорында ең заманауи технологиялар енгізілуде. Өндірістік желіні іске қосу процесін KIA Corporation жоғары білікті инженерлері мен өндірістік сарапшылары басқарды, олар ұзақ мерзімді негізде техникалық қолдауды және барлық қажетті стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Оңтүстіккореялық мамандар Нұр-Сұлтандағы зауытта өндірістік процесс KIA технологиялық стандарттарына сәйкес екенін растады.

Бірінші кезеңде кәсіпорынның қуаттылықтарында KIA Bongo аз тонналы жүк моделінің өндірісі жүзеге асырылады. Таяудағы екі жылда кәсіпорын толық массасы ұлғайған KIA өнімдерінің желісін кеңейтеді, сондай-ақ электр және сутегі тартымында модельдер өндіруді бастайды. Сонымен қатар, зауыт британдық JCB компаниясының жол-құрылыс техникасын және жапондық HINO жүк автомобильдерін өнеркәсіптік құрастыруды жоспарлап отыр.

Зауыттың өндірістік қуаты бірінші кезеңде жылына 11880 бірлік коммерциялық және мамандандырылған техника шығаруға есептелген. Сарапшылардың есептеуінше, бұл көлем қазақстандық нарықты бәсекелі бағамен сапалы коммерциялық және мамандандырылған техникамен қамтамасыз ету, сондай-ақ 11 елдің нарығына жеткізуді реттеу үшін жеткілікті болады. Компания басшылығының бағалауы бойынша, уақыт өте келе экспорттық жеткізілімдердің үлесі өндірістің жалпы көлемінің 80%-на жетеді. Ағымдағы жылдың соңына дейін қазақстандық өндірістің KIA Bongo 2000 бірлігін ТМД елдерінің нарықтарына жеткізу туралы келісімшарттарға қол қойылды.

Кәсіпорынның ашылу салтанаты барысында жобаның екінші кезеңінің іске асырылуы туралы ақпарат ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Р.Склярға ұсынылды.

Кәсіпорынның екінші кезегін іске қосу 2023 жылдың III тоқсанына белгіленген. Зауыттың жобалық қуаты екінші кезең аяқталғаннан кейін шамамен 20000 бірлікті құрайды, бұл шығарылатын өнім желісін кеңейтуге, экспорт көлемін заттай мәнде 16000 бірлікке дейін жеткізуге және 200 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Зауыт жұмысының алғашқы бес жылындағы салық түсімдері 6 млрд теңгеден асады. Екінші кезең аясында зауыт фургондар, кран-манипуляторлар, гидроборттар және автогидрокөтергіштер өндірісін игереді. Сонымен қатар, ішкі жану қозғалтқыштарын және басқа автомобиль компоненттерін жинауды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл кәсіпорынға 51%-дан астам жергіліктендіруді қамтамасыз етуге және отандық автоөнеркәсіпті дамыту бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

КIA Corporation аға вице-президенті Ик Тэ Ким атап өткендей, Оңтүстік Кореядағы ірі автоөндірушінің ҚР-да кеңеюі корпорацияның қазақстандық нарықта ілгерілеуге қаншалықты зор мән беретіндігін көрсетеді. «Біз мұнда коммерциялық автомобильдердің әлемдегі ең ірі жеткізушілерінің бірі ретінде келдік және біз Қазақстанда KIA жоғары сапалы техникасының өндірісін басқаруға, экономиканың өсуіне ықпал етіп, үлкен өркендеуді қамтамасыз етуге бар күшімізді саламыз», — деп белгілеп өтті Ик Тэ Ким

Orbis Kazakhstan компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов ҚР Үкіметі мүшелерінің зауытын іске қосу бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтып, кәсіпорынды іске қосу Қазақстанға озық технологиялар трансфертіне, бюджетке салық түсімдерінің өсуіне және өңірде жаңа жоғары технологиялық және жоғары ақы төленетін жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін атап өтті.

«Нұр-Сұлтандағы және жалпы елдегі қолайлы бизнес-ахуал біздің компаниялар тобына осы жобаны іске асыруға және әлемдегі ең ірі автомобиль компанияларының бірімен әріптестікте заманауи технологиялық зауыт салуға мүмкіндік берді. Алдағы он жылда еңбекақы төлеу қорының мөлшері кем дегенде 6 млрд теңгені құрауы мүмкін. Осылайша, жаңа кәсіпорынның ашылуы адами капитал контексінде зор әсерді қамтамасыз етеді. Ең бастысы – біз үй нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, экспортқа жұмыс істейтін жоғары технологиялық өндірісті ашудамыз», — деді Фаррух Махмудов.

Рәсім барысында Orbis Kazakhstan және KIA Corporation өкілдері Orbis Green Power жобасының іске қосылуын жариялады, оның миссиясы климаттың өзгеруімен күресу, электр және сутегі тартымында коммерциялық техниканы өндіру арқылы CO2 шығарындыларын азайтуға ықпал ету болып табылады. Orbis Kazakhstan, Дүниежүзілік банктің Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), электромобильдер мен сутегіде автомобильдер шығаратын кореялық автомобиль зертханасы және KIA Corporation арасында жобаны іске қосу туралы келісімге қол қою талқылануда.

Келісімнің шарттарына сәйкес Оrbis тобының зәкірлі инвесторы Қазақстанның әрбір өңірінде және жақын шетелдерде өзінің «жасыл» шешімдерін ұсынады. Компания электромобильдер мен сутекті отынмен жүретін автомобильдер өндірісінің өзіндік құнын төмендету бойынша жұмыс істеуді, осындай автомобильдерге иелік етудің жалпы құнын азайту үшін зарядтау және сервистік станциялар желісін салуды жоспарлап отыр. Өз кезегінде KIA Corporation осындай автомобильдерді құрастыру үшін қажетті бөлшектер мен қосалқы бөлшектерді жеткізуді қамтамасыз етеді. Жобаны әзірлеушілердің бағалауы бойынша «жасыл» коммерциялық техниканы сатып алуға трансұлттық компаниялар және тұрақты даму стандарттарына сәйкес келетін басқа да ірі бизнес-құрылымдар қызығушылық танытуы мүмкін.

АНЫҚТАМА

Orbis Kazakhstan компаниялар тобы-экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін ондаған кәсіпорындар мен ұйымдарды біріктіретін көп бейінді қазақстандық компания. 2001 жылы құрылған. Штаб-пәтері Алматыда орналасқан. Топтың көпсалалы құрылымы мұнай сервисі, мұнай химиясы, авторитейл, агробизнес, агрохимия, құрылыс, көлік, тасымалдау және қоғамдық тамақтандыру салаларында қызметтердің толық спектрін жүзеге асырады. Бүгінгі таңда Orbis Kazakhstan қызметкерлерінің жалпы саны Қазақстан Республикасының он екі қаласында жұмыс істейтін жоғары білікті 5000 маманнан асады.

Kia Corporation-оңтүстік кореялық автомобиль жасау компаниясы, көлемі бойынша Корея Республикасында екінші және әлемде жетінші автомобиль өндіруші, 1944 жылғы желтоқсанда құрылған. Hyundai Motor Group компаниялар тобына кіреді. 2016 жылы әлемде 3 007 976 Kia автокөлігі сатылды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM