Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Киевтегі телемұнараға шабуылдан бес адам қаза тапқаны хабарланды

KAZAKBOL.COM

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі Киевтегі телемұнараға жасалған шабуылдан кемі бес адам қаза тауып, бес адам зардап шеккенін мәлімдеді.

Шабуыл салдарынан Украинаның телеарналары істемей қалды. Олар хабарды ютуб каналдарында жалғастырып жатыр. Жақын арада украиналық телеарналар қосалқы аппаратқа қосылатыны хабарланды.

Бүгін түсте Ресей қорғаныс министрлігі «Ресейге қарсы ақпараттық шабуылды тоқтату үшін» Киевке шабуыл жасалатынын айтқан еді.

Телемұнара Бабий Яр шатқалында орналасқан. Мұнда кезінде Украинаны неміс сарбаздары басып алған кезде, бейбіт тұрғындарды, еврейлерді, сығандарды және совет тұтқындарын жаппай атып, жерлеген.

Телемұнара биіктігі 385 метр.

Осының алдында Ресейдің қорғаныс министрлігі Киевтегі әскери нысандарға шабуыл жасайтынын, Ресейге қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатыр деп хабарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM