Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Комиссия 44» ұйымының 7 мүшесі Душанбеге жеткізілді

KAZAKBOL.COM

Өткен аптада ұсталған «Комиссия 44» ұйымының он мүшесінің жетеуі Хорог қаласынан Душанбеге жеткізілді. Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметі (Озоди радиосы) хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, ұсталған белсенділер шетелден қаржы алды деген күдікке ілінген. Олар Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысына жөнелтіледі.

Озоди радиосына азаматтық белсенділердің бесеуі жайлы ақпарат белгілі. Олар: 2020 жылы Тәжікстанда өткен президент сайлауында үміткер болған заңгер Фаромуз Иргашов, журналист Ульфатхоним Мамадшоеваның ағасы Хурсанд Мамадшоев, Памир заңгерлер ассоциациясының басшысы Манучехр Холикназаров, азаматтық белсенділер Музаффар Муборакшоев пен Бахтовар Бахтиёров.

“Комиссия 44” ұйымының мүшелері елде тыйым салынған Исламның қайта жаңғыруы партиясының төрағасы Мухиддин Кабири мен Тәжікстан Ұлттық альянсынан қаржылай көмек алды деп айыпталып жатыр.

Былтыр қараша айында Таулы Бадахшанда күш құрылымдарының арнайы операциясы кезінде жергілікті тұрғын Гулбиддин Зиебеков өлтірілген. Бұған қарсылық ретінде аймақ тұрғындары бірнеше күн бойы көшеге шыққан. Осыдан кейін жергілікті құқық қорғаушылар “Комиссия 44” ұйымын құрып, бұл істі әділ зерттеуге кіріскен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM