Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Kompromatuzb аясында оннан астам шенеунік, депутат және банкирлер ұсталды

KAZAKBOL.COM

Kompromatuzb Telegram-каналының үйлестірушілеріне қарсы қозғалған қылмыстық істің аясында 200-ден астам адам сұрауға алынды.

Олардың арасында ондаған шенеуніктер, депутаттар, банк жетекшілері бар. Азаттықтың өзбек қызметінің дереккөзі хабарлағандай, сот отырысы жабық өтуі мүмкін.

Жоғарғы сот мәліметіне қарағанда, Human.uz редакциясының директоры Хуршид Далиевке, жұмыспен қамту және кедейшілікті қысқарту министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Мавжуда Мирзаеваға және «Өзбекмұнайгаздың» баспасөз хатшысы Сиявуш Хошимовқа жалған жала жабу, ірі көлемде ақша бопсалау, салық төлемінен қашу, қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру айыптары тағылған.

Айыптау қорытындысына сәйкес, жәбірленушілерге 5 млрд 140 млн сум зиян келген.

Қылмыстық істің аясында сыртқы еңбек миграциясы бойынша агенттіктің бірқатар кеңселері, Human.uz редакциясы кеңсесі және басқа ғимараттар уақытша жабылған. Агенттіктің, редакцияның және сотталушылардың мүлкі қамауға алынған. Олардың банк есеп-шоттары бұғатталған.

Қамаудағы журналистердің өздеріне тағылған айыптарға қатысты пікірі әзірге белгісіз.

Биыл мамыр айында Парижде орналасқан «Шекарасыз тілшілер» (RSF) баспасөз ұйымы Өзбекстанда журналистер мен блогерлерге қысым күшейіп жатқанын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM