Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Кредитін уақытында төлемеген қарияларды түн ішінде пойыздан түсіріп кетті

KAZAKBOL.COM

Көрнекі сурет. Фото әлеуметтік желіден

Кредитін уақытында төлемеген қариялар түн ішінде пойыздан түсуге мәжбүр болды. «Алматы-Орал» бағытындағы пойыз жолаушыларының бірі өзі көрген оқиғасын баяндады деп жазады NUR.KZ.

Динара Болат есімді Facebook қолданушысы несиесі төленбегендерді шекарадан өтетін пойызға отырмауға шақырды.

«Кредиттері төленбегендер, шекарадан өтетін пойызға отырмаңыздар! Машинамен де жолға шықпаңыздар!Кеше  «Алматы-Орал» бағытындағы пойызда Зайсан бақылауы кезінде ата мен әжені кредиттерің төленбеген деп пойыздан түсіріп тастады. Несиелері пениясымен төленген екен, базаға әлі түспепті. Сыртта сықырлаған қалың қар жатты. Әженің үстінде жұқа кардиган болды. 70-тің маңайындағы үлкен кісілер. Әже жылап әрең түсті. Мен де жылап жібере жаздап әрең тұрдым», — деп жазады Динара Болат.

Қарияларды пойыздан осымен екінші рет түсіріп тастапты. Өткен жолы несиесін төлемегені үшін түсірсе, енді төлеген ақшасы базаға түспеді деп сыртқа тастап кеткен.

Желі қолданушысы билет сатушылардың осы жағдайды жолаушыларға ескертпейтініне және төленген қаржының базаға түсіп болмайтынына қынжылған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM