Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Кремль Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысына ыңғай білдірмеді

KAZAKBOL.COM

«Путин кездесу үшін ғана кездесудің пайдасы шамалы, кездесуге дайындықпен келу керек деп санайды… Біз «норман форматына» дайындалып жүрміз» деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ол мұны сейсенбі күні журналистермен кездесуінде айтқан. Песковтың сөзінше, Ресей — Украина қатынастары қалыпқа түскенін Мәскеу де қалайды, бірақ ол Киевтің дәл сондай ықыласынсыз мүмкін емес»

12 қарашада Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин арасында Нұр — Сұлтан қаласында келіссөз өткізуді ұсынған болатын. Сол күні Нұр — Сұлтанда өткен форумда Назарбаев бұл ұсынысқа Зеленский келісім бергенін, Путиннің хабардар екенін айтқан.

Назарбаев «Егер олар (Путин мен Зеленский – ред.) кездесуге бейтарап жер іздесе Қазақстанды ұсынамын» деген болатын.

Песков меңзеген «Норманд форматы» немесе «Норман төрттігі» — Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу үшін 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Украина, Ресей, Франция және Германия жетекшілері мен сыртқы істер министрлігінің кездесу форматы.

Ресей мен Украина арасы 2014 жылы Ресей Қырым түбегін аннексиялап, Украинаның шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткеннен кейін ушыққан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM