Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Крым.Реалии» сайтымен жұмыс істеген журналист алты жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

Ресей аннексиялап алған Қырым түбегі аралындағы сот «Крым.Реалии» сайтының штаттан тыс тілшісі Владислав Есипенконы алты жылға еркінен ажыратты. Ресейдің арнайы қызметі оны «жарылғыш зат жасады және оны сақтаған» деп айыптаған.

Ресей және Украина азаматы Владислав Есипенко 2021 жылы наурызда украин арнайы қызметінің мүддесіне жұмыс істеді деген айыппен Қырымда ұсталған.

Есипенкоға тәуелсіз адвокаттар бір ай бойы кіргізілмеді. Ол алғаш кінәсін мойнына алып, бірақ кейін бас тартқан. Айыпталушы кінәні мойнына алу үшін азапталғанын, оны ұстау кезінде жанына граната салып қойғанын мәлімдеген.

«Азат Еуропа/Азаттық радиосының» президенті Джейми Флай журналистке қатысты сот шешімін ақылға сыймайды деп атады. «Журналистер тек дәйек ғана айтады. Олар ешқашан қамалмауы тиіс. Владислав тезірек босатылып, үйіне, отбасына қайтуы тиіс», — деді Флай.

АҚШ билігі мен халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар журналисті бостандыққа шығаруды талап еткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM