Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Куәгер Баян Есентаеваны ұрып-соғу оқиғасының мән-жайын баяндады

KAZAKBOL.COM

Баян Есентаева. Фото: Instagram

Куәгер Баян Есентаеваны ұрып-соғу оқиғасының мән-жайын айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Күдікті ретінде оның күйеуі тіркелгені белгілі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Есентаева зардап шеккен қақтығыс оныншы маусымда Құлжа тас жолында Еңбекші ауылының маңындағы жанар-жағармай бекетіне қарама-қарсы тұста болған. Tengrinews.kz тілшісі оқиға болған жерге барып, куәгермен әңгімелесті.

Куәгердің айтуынша, жанармай құю бекетіне қарама-қарсы тұста екі көлік тұрған. Олардың маңында ер адам мен әйел ұрысып жатқан.

«Шулы орын болғандықтан олардың айқайы естілмеді. Ер адам көшеде тұрды, әйел болса, көлікті айнала жүгіріп, терезесін қағып жатты. Бастапқыда назар аудармадық, қыз бен жігіт ұрысып жатқан шығар дедік те қойдық. Кейін ғана танымал адамдар екенін білдік», — дейді куәгер.

Оның айтуынша, көліктер шамамен 15-20 минут тұрған. Есентаеваның соққыға жығылған сәтін ол байқамапты, бір уақытта екі көлік те кетіп қалыпты. Кейін оқиға орнына жедел жәрдем келген, бірақ куәгердің айтуынша, ол жақта ешкім болмаған. Ал Баян Есентаеваның ауруханаға қалай жеткені әзірше белгісіз.

Сонымен қатар, тілші Талғар ауданындағы Орталық ауруханада болды. Мұнда болжам бойынша Есентаева жатыр. Ауруханадағылар продюсердің ауыр жағдайда келіп түскенін және жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Бұл дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Күдікті ретінде оның күйеуі тіркелген. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Бұл мәліметті ІІД өкілдері растап отыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM