Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) көмегімен Тәжікстанның Куляб қаласында табиғат апаты туралы алдын ала хабар беретін құрылғы орнатылады. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Мекеменің Куляб қалалық басқармасының өкілі Субхон Усмониённің айтуынша, мұндай шара тұрғындарға су тасқыны туралы алдын ала хабар беріп, қауіпті жерлерден ертерек шығып кетуге мүмкіндік береді. Мұндай құрылғылар Шамсиддин Шохин және Муминабад аудандарына да орантылмақ.
Төрт тараптың дария сулары ағып келетін аймақта орналасқан Куляб тұрғындары жыл сайын селден жабырқап келеді.
Бүгінгі күнде Кулябта 260-тан астам қауіпті жер бар. Аймақта 2021 жылы мамыр айында болған су тасқыны алты адамның өмірін алып, ондаған үйді бұзып әкетті.
KAZAKBOL.COM