Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Латын әліпбиіне көшудің кестесін кім және қашан дайындайды

KAZAKBOL.COM

Ол 2018 жылдың сәуір айына дейін дайын болуы тиіс.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспары 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшу кестесін әзірлеу мен бекітуді көздейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2018 жылдың сәуір айына дейін дайын болуы тиіс.

ҚР Үкіметінің тиісті қаулысында бұл құжат Мемлекет басшысының қарауында болатыны қарастырылған.

Білім берудің барлық деңгейінде 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу кестесін әзірлеу мен бекітуге Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, өңір әкімдіктері, Астана және Алматы қалаларының әкімшіліктері жауапты. Содан кейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы жариялануы тиіс.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Президентінің 2018 жылдың 10 қаңтарынан Елбасының Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты жобасы әзірленген болатын, оны жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметі осы жоспарды дайындады.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтар күні Ақорда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған. Онда 2018 жылы Қазақстан жүзеге асыратын он негізгі міндет туралы айтылды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM