Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Лаврентьев Сирияны қалпына келтіруге шамамен $600-800 млрд қажет болатынын айтты

KAZAKBOL.COM

Сирияны қалпына келтіру үшін шамамен 600-800 млрд доллар қажет. Ресейдің Сирия бойынша арнайы уәкілі Александр Лавреньтев 21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткен Сирия бейбіт келіссөзінің 17-отырысында осылай деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Sputnik Kazakhstan агенттігі жазды.

Сейсенбі күні журналистердің сұрақтарына жауап берген Александр Лаврентьевтің пікірінше, халықаралық қауымдастықтың көмегінсіз Сириядағы соғыстың салдарын жою мүмкін емес.

Агенттіктің жазуынша, келіссөз барысында террористік ұйымдардың жандануына жол бермеу, Сирияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалпына келтіру, Сириядағы босқындарды еліне қайтару және өзге мәселелер талқыланған. Дегенмен Александр Лаврентьев Сириядағы Әл-Хол лагеріндегі жағдай келіссөзде талқылануы тиіс мәселелер қатарына енгізілмегенін айтқан.

«Бұл лагерьде «Ислам мемлекетінің» содырлары мен олар тәрбиелеген отбасылар тұрып жатыр. Сол себепті қауіпсіздік тұрғысынан жағдай күрделі. Ол жақта адам өлтіру, өзге де жаман нәрселер бар» деді арнайы уәкіл.

БҰҰ қыркүйек айының соңында Әл-Хол лагерінде әлі шамамен 62 мың адам барын, 80 пайызы әйелдер мен балалар екенін мәлімдеген. Олар әлемнің 60 елінен келген.

Қазақстан Орталық Азияның өзге елдері сияқты «Жусан» операциясы аясында Сирия мен Ирак аумағындағы азаматтарын қайтара бастаған. Ресми мәлімет бойынша, осы уақытқа дейін жүздеген азаматын елге эвакциялаған. Басым бөлігі – әйелдер мен балалар.

Сирия мен Ирак аумағында террор топпен бірге ұрыс қимылдарына қатысты деген күдікке ілінгендер Қазақстанға оралған соң «террор топқа және шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысты», «терроризмді насихаттады және қаржыландырды» деген айыппен сотқа тартылған.

Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзіне Сирия үкіметі, оппозиция және Түркия делегациясы, сонымен бірге Ресей, Иран, БҰҰ өкілдері қатысқан. Келіссөзге бақылаушы ретінде Иордания, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары мен Қызыл крест халықаралық комитетінің өкілдері келген.

Келіссөз екі күнге созылады.

Астана келіссөзі 2017 жылы қаңтарда Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысы бойынша басталған. Нұр-Сұлтандағы Сирия бейбіт келіссөзі Женевадағы БҰҰ бастамасымен ашылған келіссөзден бөлек өтеді.

Келіссөз Сириядағы азамат соғысын тоқтатуды көздейді. Бірнеше жыл бұрын АҚШ Мәскеу мен Дамаскіні Астанадағы келіссөзден нәтиже шығара алмай отыр деп сынаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM