Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әлем чемпионын өлтіріп кеткен күдікті полицияға өзі келіп кінәсін мойындады

KAZAKBOL.COM

Әлем чемпионын өлтірді деп күдікке ілінген Хабаровск тұрғыны Анар Алияр оглы Аллахверанов құқық қорғау органына өзі келіп, кінәсін мойындады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА-Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде пауэрлифтинг спортынан әлем чемпионы Андрей Драчевті Хабаровск қаласының орталығында соққыға жыққанын көрсететін видео тараған болатын. Ол жерде бір жігіт Драчевті айналып тебу әдісімен сұлатып салады.

Осы оқиғадан кейін Драчев ауруханада көз жұмған еді. Ал күдіктіге қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті Анар Аллахверанов құқық қорғау органына өзі келіп, кінәсін мойындады.

Тергеушілер оған қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғады. Бұл бап бойынша ол 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Андрей Драчев пауэрлифтинг спортынан әлем чемпионы болған. 32 жастағы спортшы 120 келі салмақта күш сынасқан еді. Карьерасы аяқталғаннан кейін ол бодибилдингпен шұғылданған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM