Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әлемде «жаңа тәртіп» орнатқысы келетін президент: Ресей «ұлы ел»

KAZAKBOL.COM

Родриго Дутерте

Филиппин президенті Родриго Дутерте Ресей президенті Владимир Путинмен алғаш рет кездесуі кезінде Ресейді «ұлы ел» деп атаған деп хабарлайды Азаттық.

Екі елдің басшылары қарашаның 19-ы күні Перу астанасы Лимада өтіп жатқан Азия-Тынық мұхит аймағы экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында келіссөздер өткізген.

Дутерте Батыстың «өктемшілдігі» мен «екіжүзділігін» сынап, «АҚШ-пен одаққа сенуге болмайды» деп мәлімдеген.

Путин Дутертені биыл мамырда өткен сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап, Филиппин жетекшісі қазірге дейін Ресей мен Филиппин арасындағы сенімділікті нығайту үшін көп шаруа атқарғанын атап өткен.

Соңғы кездері президент Родриго Дутерте Филипиннің байырғы одақтасы АҚШ-ты сынап-мінеуді жиілеткен.

Перуге сапарға шығар алдында ол егер Ресей мен Қытай әлемде «жаңа тәртіп» орнатуды ұйғарса, олардың қатарына бірінші болып қосылатыны туралы мәлімдеген.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM