Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әлемдік рекорд орнатқан баскетболшы қоян желіде жұлдыз болды (видео)

KAZAKBOL.COM

Баскетболшы Бини. Видеодан алынған скриншот

Калифорнияда Бини есімді бес жастағы үй қояны Гиннесс рекордтар кітабының соңғы басылымына шыққан ерекше хайуандардың бірі атанды. Бұл туралы UPI порталы хабарлады.

Ақылды жануар баскетбол ойнап, бір минутта сақинаға 7 кішкене допты дөп кіргізе алады екен. Бұндай жетістікке ғаламшардағы ешбір жануар әлі жетіп көрмеген.

Қоянның иесі Шай Асор Бинидің жетістіктері оны қатты қуантқанын айтады.

«Бала кезімде жыл сайын Гиннестің рекордтар кітабының жаңа басылымын жібермей оқитынмын. Енді сол кітаптан менің де жануарымның орын алғаны қатты қуантып отыр», – дейді америкалық азамат.

Асордың сөзінше, Бини кішкене жасынан бері доп ойындарын қатты ұнатқан. Бұны байқаған калифорниялық жігіт оны жаттықтыра бастапты.

Шай Асор қоянның мықты спортшы ғана емес, тіпті кремет суретші екенін және тарақты пайдалана білетіндігін де жасырмады.

24.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM