Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Лидо жасанды ерін жасатып, опық жеген сіңлісінің қателігін қайталамауға шақырды (фото)

KAZAKBOL.COM

Лидоның сіңлісі дәрігермен. Фото әншінің instagram парақшасынан алынды

Қазақстандық әнші Лидо жасанды ерінге құмар қыздарға өз ақылын айтып, табиғи сұлулықтан артық ештеңе жоқ екенін еске салды. Ол жасанды ерін жасап, опық басқан сіңлісінің әрекетін қайталамауды сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

«Естеріңізде болар бір жылдары томпақ еріндер сәнде болды. Батыс өздерінің стандарттарын бізге таңумен болды. Ал біз оның ар жағында не жатқанын ұқпастан соған еріп кеттік. Қыздардың дені әдемі ерін үшін сұлулық салондарына жүгіріп кетті. Ал сол уақытта ерінді үлкейту үшін «биополимерлі гель» ғана қолданылатын.

Қарап тұрсаң өте тиімді көрінетін. Алайда биополимер — уақыты келгенде жарылатын бомба іспеттес екен. Басында бәрі әдемі болып көрінді. Алайда біраз жылдан кейін гель көптеген визуальды кері әсерлерін бере бастайды. Мәселен гель орнынан жылжып, түйіршіктенуі мүмкін. Нәтижесінде еріннің жасанды екені көрініп тұрады.

Бұндай процедура сіңіліме жаслаған кезде нәтижесі өте жақсы болды. Бірақ бірнеше жыл өткеннен кейін гель түйіршіктерге айналып, ерін табиғи әдемілігін жоғалта бастайды», — деген Лидо қыздарға сіңлісінің сәлемін жолдады.

Қыздар менің сіңлім сіздерге: Менің қателігімді қайталамаңыздар, табиғи сұлулықтан артық ештеңе жоқ«, — деп сәлем жолдады дейді Лидо.

Әнші желідегі жазбасының соңында сіңлісі ернінің табиғилығын қалпына келтіру үшін білікті мамандарға жүгінгенін де атап өтті.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM