Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өлім аузында жатқан иттің жантүршігерлік жағдайы

KAZAKBOL.COM

Фото: fishki.net

АҚШ-тың Техас штатында өлім аузында жатқан итті құтқарып қалған мейірімді әйел жұрттың жүрегін елжіретті деп хабарлайды Fishki.net порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

2016 жылдың қараша айында Остин қаласының тұрғындары үй маңында жануарларға арналған темір тордың ішінде өлейін деп жатқан итті көріп жануарларды қорғау орталығының қызметкерлерін шақырған. Зооқорғаушылар көрсетілген адрес бойынша келгенде әбден әлсеріп, қимылсыз жатқан иттің әлі тірі екенін байқаған.

Орталықтың Ева есімді қызметкері тым нашар халде жатқан итті алып, бірден жануарларды емдейтін ауруханаға апарған.

«Оның дене температурасының төмен болғаны соншалық, термометр көрсете алмады. Оның қимылдауға шамасы келмеді», — дейді Ева.

«Шынымызды айтсақ, біз оны тірі қалады деп ойламадық», — деп таңданыстарын жасырмады орталықтың полиция қызметкерлері.

Мал дәрігері Элизабет Мансера итті жылы суға шомылдырып, дене температурасын көтеру үшін шаш кептіргішпен ұзақ уақыт бойы кептірген.

«Мен онымен үздіксіз сөйлестім, — дейді Элизабет, — Оның үсті-басы су болып, қатты тоңған. Ол маған жәудіреген көздерімен көп қарады»

«Бәрі оның өлетінін айтты, тек мен ғана оған бәрі жақсы болады деп қайталай бердім», — дейді жануардың құтқарушысы.

Иттің жағдайы жақсарған кезде Элизабет Мансера оны Софи деп атап, үйіне алып кетті.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM