Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Литва заңсыз келген мигранттарды жарты жылға қамайтын заң шығарды

KAZAKBOL.COM

Литва президенті Гитанас Науседа заңсыз ағылып жатқан мигранттар дағдарысына байланысты әзірленген заң жобасына қол қойды деп жазады Delfi.

Түзетулер босқын мәртебесін алу туралы өтініш мерзімін он күнге қысқартып, мигранттарды сот шешіміне қарсы шағым беру құқығынан бір жола айырған. Бұдан бөлек ұсталған заңсыз мигранттарды жарты жылға бас бостандығынан айыра алады.

Литва президенті бұл заң адам құқықтары тұрғысынан қарағанда, дұрыс емес екенін мойындап, бірақ төтенше жағдай кезінде осындай қатал заң болғаны маңызды деп атап өтті.

Жаз кезінде Литва үкіметі беларусь шекарасы арқылы көптеген босқындар келіп жатқанын хабарлаған. Олардың дені Түркия, Ирактан келгендер.

Литва үкіметі Минск Александр Лукашенко режиміне санкция салынғаннан кейін, босқындарды Еуропалық одаққа саяси қысым жасау үшін әдейі пайдаланып жатыр деп есептейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM