Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Лола Каримова-Тилляева ЮНЕСКО елшісі қызметінен кетті

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Лола Каримова-Тилляева ЮНЕСКО елшісі қызметінен кетті. Ол бұл жөнінде 2 ақпанда Facebook парақшасына жариялады.

Лола Каримова-Тилляеваның жазуынша, бүгін оның ЮНЕСКО жанындағы Өзбекстан елшісі ретіндегі соңғы жұмыс күні.

» 2008 жылдан бері тұрақты өкіл жұмыс істегеннен бері ЮНЕСКО-ға Өзбекстанның көптеген мәдениеті мен дәстүрі бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне енді. Бұлар — «Навруз» мерекесін атап өтуі, Өзбекстанның Ферғана жазығындағы халықтың «Катта ашула» әнін орындауы, өзбек палауының мәдениеті мен дәстүрі, Шашмак музыкалық дәстүрі, «Аския» ауыз әдебиеті шығармашылығы. 2016 жылы әлемдегі ең үлкен тау жүйесі, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанды алып жатқан Батыс Тянь-Шань Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді», — деп жазады ол өзінің еңбегіне баға бере келіп.

Лола Каримова-Тилляева алдағы уақытта «Сен жалғыз емессің» балалар қорында жұмыс істеуін жалғастырмақ.

Ол бірінші рет ЮНЕСКО елшісі қызметінен кететінін былтыр тамыз айында жариялаған. Ол кезде 39 жастағы Каримова-Тилляева енді бар уақытын Ислам Каримов қорына арнайтынын мәлімдеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM