Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Лукашенко ЕАЭО-ның жұмысына көңілі толмағанын білдірді

KAZAKBOL.COM
Александр Лукашенко. Фото: politrussia.com

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) құрылған соң оған мүше елдер арасындағы ішкі сауда айналымы азайып кетті деп мәлімдеді бүгін Беларусь президенті Александр Лукашенко.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Астанада өткен Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында сөйлеген Лукашенко ЕАЭО қызметінде проблема әлі барын, оның ең өзекті дегендерін бүгін жиында талқылағандарын айтты. Кеңес жиынына ЕАЭО-ға мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттері қатысты.

Лукашенконың пікірінше, ең алдымен ішкі салымдар мен өзара сауданы шектеуді жою керек.

«Кеден Одағынан ЕАЭО құрылғанға дейінгі кезеңде шектеулер саны өзгермей, азаймаған күйі қалды. ЕАЭО елдері үшін теңдей жағдай мен кедергісіз орта әлі қалыптаспады. Бұдан өзге, келісімге қол қойылған соң ішкі сауда айналымымыз тек төмендеп барады. 2012-2013 жылдары ол 65 миллиард доллар болған, ал 2015 жылы ол барлығы 45 миллиард долларды ғана құрады. Сірә, келісімнің барлық талабы бірдей қазіргі экономикалық жағдай мен біз күткен нәрсеге сай келмей тұр», — деді Лукашенко.

Беларусь президенті бұдан өзге одаққа мүше елдердің бірі үшінші елге қатысты өз нарығын қорғау мақсатында бір жақты шара қабылдаған жағдайда ЕАЭО-ның қызмет ету тетіктерін дайындау бастамасының орындалмай қалғанын да айтты.

Азаттық

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM