Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

МҮГЕДЕК ҚЫЗДЫ ЗОРЛАҒАН ТУЫСЫ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛҒАН ЖОҚ


Ақтөбеде туысқаны екі жыл бойы зорлап келген мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп шарқ ұрды. Ол қылмыскерді қатаң жазалауды сұрап отыр. Бұған дейін сотқа жолданған іс прокурорларға кері қайтарылған. Өйткені, судья зорлау оқиғасы болған күнді нақтылауды талап етіп отыр екен. Ал жәбірленген бойжеткеннің қорғаушысы мен анасы, өзі әрең сөйлейтін, мүгедек, дімкәс қыздан оны анықтау қиындық келтіретінін айтты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Бәрі үйде қорлықты көрсеткен, көзіміздің алдында. Еще дело оставляет на рассмотрение, расмотрение деп. Не знаю, как можно защищаться от насильника? Шайтан ғой, шайтан. Анда-мында жүгіріп неше түрлісін істеген».

28 жастағы қызын немере ағасы екі жыл бойы зорлап келгенін дәлелдей алмай жүргеніне қынжылғанын айтқан анасы көз жасына ерік берді. Сұмдық жайтты ДЦП дертіне шалдыққан бойжеткен әке-шешесіне ыммен түсіндіріп берген. Қажет болса, қалай қорланғанын сот залына да келіп көрсетіп береді, деді ашынған ана.

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: «Там не было указано, время, число но менің қызым қалай оны айтады? Оны айта алмайды. Тек бәрін көрсетеді, әрекетін, не істегенін. Қызым мүгедек, қалай оны құлағы естімейді, оны айта алмайды ғой. Оны тек көрсетеді. Не істегенін. Маған да, сотқа да көрсетеді керек болса. Мен ойлаймын, дұрыс шешім шешеді деп судтан. Жазасын берсін қызымды қорлағанына».

Екінші топтағы мүгедек қызды зорлады деп күдіктелген ер адамға қатысты сотқа жолданған іс прокуратураға қайтарылды. Тергеушілерге жәбірленушіге нақты қай күні зорлық жасағанын анықтауды талап етіп отыр. Алайда, қорғаушы ересек адамның өзі қай күні қай оқиғаның болғанын ұмытып жатқанда, мүгедек адамнан оны анықтау қиын екенін айтып отыр.

БАУЫРЖАН ИМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ АДВОКАТЫ : «Тергеу органы істі қалалық сотқа жіберген. Бірақ, бірінші инстанцияда судья оқиға болған күн көрсетілмегенін ескертіп, істі прокуратураға қайтарды. Сот қаулысымен келіспеген прокуратура істі апелляцияға жолдады. Біз де мұны құптағанбыз. Бірақ, сот пікірі бірінші қаулымен қалды. Оқиға болған күнді нақтылауды сұрайды. Бірақ, сал ауруына шалдыққан адамнан оны анықтау мүмкін емес. Ол өзіне түртіп алып жүрмейді ғой».

55 жастағы еркек туысының қыздың анасының сеніміне әбден кіргені сондай, ешкім жоқ кезде бойжеткенге бас-көз болып, массаж жасап жүріп, қорлап келген. Мүгедек қыз сөйлей алмаса да, сурдоаудармашының көмегімен қай бөлмеде, қалай зорлағанын егжей-тегжей көрсетіпті. Қазір ол қамауда. Ер адамның үстінен қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша іс қозғалған. Қыздың ата-анасы құзырлы органдар істің мән-жайын дұрыс тергеп, айуан ағайынына әділ жазасын беруді талап етіп отыр.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM