Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеу түбіндегі «вагнерлік» молада орталықазиялық азаматтардың қабірлері табылды

KAZAKBOL.COM

Азаттықтың өзбек қызметі Мәскеу облысында «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясына тиесілі бейітті тапты. Жерленгендер арасында Украинадағы соғыста қаза тапқан Орталық Азия азаматтары да бар.

Олардың көбі Ресей түрмесінде отырып, соғысқа тартылғандар.

Бейіттегі қабірдің дені 2022 жылдың қазан айы мен 2023 жылдың қаңтар айы аралығында жерленгендер.

Қабірдегі жазулардан Орталық Азиядан шыққан азаматтардың аты-жөнін көруге болады:

Саидов Муродбег Султонбегович (05.04.1986 – 27.11.2022);

Айдралиев Аман (27.08.1982-24.10.2022);

Джанибеков Боходир Буранович (19.08.1977-11.01.2023);

Гуламжанов Адахамжон Улукманжанович (16.09.1994-19.11.2022);

Авазов Эркин Садинович (20.12.1967-01.12.2022);

Юсупов Шухрат Адилжанович (07.04.1978-23.12.2022).

Азаттықтың өзбек қызметі («Озодлик») олардың біразын анықтады.

46 жастағы Боходир Джанибеков Өзбекстанның Жызақ облысы Пахтакор ауданының тумасы. Ол Екатеринбургте тұрып, жұмыс істеген екен.

Ал Адахамжон Гуламжанов Қырғызстанда туып-өскен. Ол 2019 жылы түрмеге жабылғанға дейін Владимир қаласында тұрған екен.

2019 жылы ол есірткі тасымалымен ұсталып, 12 жылға сотталған.

Сонымен бірге 37 жастағы тәжікстандық Муродбек Саидов 2020 жылдың ортасында түрмеге жабылған. Украинада 2022 жылдың қараша айында қаза тапқан.

45 жастағы Шухрат Юсупов те Мәскеу түбіндегі «Вагнерге» тиесілі молаға жерленген. Ол 2022 жылдың 23 желтоқсанында қаза болған екен.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл «Маврино» қабірін азаматтық киімдегі әскери адамдар күзетеді. Оған барған адамдар мұқият тексеріледі екен.

Сол өңірде тұратын Анна Соколованың айтуынша, молада 22 «вагнерлік» жерленген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM