Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеуде алқабилер қазақ студентінің өліміне байланысты Дағыстан экс-премьерінің ұлын ақтап алды

KAZAKBOL.COM

Мәскеуде алқабилер соты көпшілік дауыспен Дағыстанның үкімет басшысы болған Мұхтар Меджидовтің ұлы Муртузалиді ақтап алды. Ол 2018 жылы МГИМО студенті, қазақстандық Томирис Байсафаның өліміне байланысты ұсталған болатын.

Оны сот залынан босатты деп хабарлады Муртузали Меджидовтың адвокаты Шамиль Яндарбаев ТАСС агенттігіне берген сұқбатта.

21 жастағы МГИМО студенті Байсафа 2018 жылдың көктемінде оқу орнының төртінші қабатындағы терезеден құлап түскен. Ол 3 мамырда аурухана төсегінде қайтыс болды. Бұл оқиғаға байланысты «Өзін өлтіруге жеткізу» бабы бойынша іс қозғалды деп мәлімдеген оқу орнының баспасөз қызметі. Бірақ университетте оқитын студенттің бірі қызды терезеден итеріп жібергенін айтты.

Муртузали Меджидов марқұмның курстасы болған. Екеуі кездесіп жүрген. Бірақ кейіннен Муртузалиді күдікті ретінде ұстады.

Сол кезде марқұмның шешесі Жанна Ахметова инстаграм парақшасы арқылы дағыстандықтың қамалғаны үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ресей президенті әкімшілігіне және РФ тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинге алғыс білдірген.

«Біздің президент бұл өмірде бәрі сатыла бермейтінін көрсетті. Елдің бірінші тұлғасы қарапайым адамдардың өтінішіне жауап берді. Бұл үлкен сый-құрметке лайық! Рақмет, президент!» – деп жазған.

Томирис Байсафаның өлімінен кейін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ресейлік әріптесіне істі бақылауға алуын сұрағанын хабарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM