Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеуде Асқар Ақаевтың ұлы қайтыс болды


5 ақпанда Мәскеуде Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаевтың үлкен ұлы Айдар Ақаев қайтыс болды. Оның жасы 44-те болған. Бұл ақпаратты Асқар Ақаевтың туыстарына жақын дереккөзі хабарлады. Қолда бар дерек бойынша ол жүрек ұстамасынан көз жұмған.

Айдар Ақаев 90-жылдардың аяғында Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаевамен некеде болған. Былтыр наурыз айында Назарбаев отставкаға кетті, бірақ уысында биліктің біраз бөлігін сақтап қалды.

Азаттықтың Қырғыз қызметі 5 ақпанда кешке Қырғызстанның Шу облысы Кемин ауданында Асқар Ақаевтың жиені Кубан Ақаевты жерлегенін хабарлады. Ол да Мәскеуде көз жұмған.

2005 жылы наурыз айындағы революцияда кейін Аскар Ақаев отбасымен бірге Мәскеуге қашып барған. Ол сол жақта саяси баспана алды. Содан бері Қырғызстанға оралмады. Ақаев қашып кеткеннен кейін оған және отбасына қарсы қылмыстық істер қозғалды.

Айдар Ақаев 1976 жылы 20 ақпанда туған. Қырғызстанда қаржы министрінің кеңесшісі, Қырғызстанның ұлттық олимпиада комитеті мен бокс федерациясының президенті болған. Қырғызстан парламентінің депутаты ретінде сайланған. 2005 жылы отбасымен бірге ол да Мәскеуге келді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM