Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеуде тәжік студентінің өлімі тергеліп жатыр

KAZAKBOL.COM

Мәскеуде тергеу органдары пойыз дөңгелегінің астына түсіп қаза болған тәжікстандық студент қыздың өлімін тергеп жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, 9 желтоқсан күні таңертең Ресей мемлекеттік геологиялық барлау университетінің 21 жастағы студенті Рахима Каримова пойыздың астына түсіп, суицид жасаған.

Марқұмның жақындары жас жігіт Рахиманың атынан Инстаграмнан фейк парақша ашып, фотошоп арқылы жалаңаш суреттер ілгенін айтады.

Рахима Каримованың денесі әзірге туыстарына берілмеген.

Рахиманың әпкесі Азиза оның жақсы оқығанын, соңғы уақытта университетті қызыл дипломмен аяқтауға тырысып жүргенін баяндады. Оның сөзінше, бір жас жігіт Рахимаға өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірген. Бірақ Рахима бас тартқан соң, ол әлеуметтік желі арқылы кек алғысы келген.

“Ол Инстаграмнан ашқан фейк парақшаға фотошоп арқылы жалаңаш суреттер ілген. Байғұс қыз қатты қорыққан. Әлгі жігіт Рахиманы тағы бопсалаған. Бұған ол шыдай алмаған секілді», — дейді әпкесі Азиза Озоди радиосына берген сұқбатында.

Соңғы хатында Рахима ешқандай адамның аты-жөнін атамайды. Тек ата-анасынан, туған-туыстарынан кешірім сұрайды. Ол өзін «жек көретінін», одан қайта «өлгенім жақсы» деп жазған.

«Әке, кешіріңіздер. Қаншалықты кешірім сұрасам да, жеткіліксіз. Маған кінә артпаңыздар. Мен сіздерді ұятқа қалдырдым. Әке, мен сіздің бетіңізге тура қарай алмаймын. Шеше, сіз бірнеше рет менен сұрадыңыз, пәксің бе деп. Құдай атынан ант етемін, мен пәкпін», — деп жазған Рахима.

Марқұмның туыстарының адвокаты Наргис Муллоджанова жігітті жазалау үшін көптеген дәлелді құжаттар жинағанын, оның бәрін тергеу органдарына беретінін жеткізді.

Жүздеген қыз әлеуметтік желіде алаяқтар фотошоп арқылы фейк суреттер іліп, оны өшіру үшін ақша талап еткені жөнінде милицияға арыз түсірген. Олардың көбі қоғамдық пікірден қорқып, ақша төлеуге мәжбүр болғанын айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM