Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мұсылмандар оразаға дайындалып жатыр: 2 сәуірде Рамазан айы басталады

KAZAKBOL.COM

Мәселен, 31 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев «Қасиетті Рамазан айын жақсы өткізу туралы» жарлық шығарды.

Құжатта «Өзбекстан мұсылмандар басқармасының Қасиетті Рамазан айы 2022 жылы 2 сәуірде басталатыны туралы мәліметін назарға алу» қажеттігі айтылған.

Қарақалпақстанның министрлер кеңесіне, Ташкент қаласы мен облыстардың әкімдіктеріне Рамазан айын ұлттық дәстүр мен құндылықтарға сай өткізу жүктелді.

Мәліметтерге қарағанда, Үлемдер кеңесі ислам дереккөздері мен астрономиялық мәліметтер негізінде Рамазанның алғашқы күні 2022 жылы 2 сәуірге сәйкес келеді деп шешкен.

Мұсылмандар 30 күн ораза тұтады. Ораза 2 мамырда аяқталады. Сол күні Ораза айт басталады. Мұсылмандар бір ай бойы күндіз астан, әсіре ойын-сауықтан, ішімдіктен, балағат сөздерден бас тартады.

Жыл сайын мүфтият Рамазан айындағы пітір-садақа мөлшерін белгілейді. Ол астықтың, ұнның, кептірілген жүзімнің 1,6 келісіне немесе арпаның 3,2 келісіне, болмаса соның құнына теңестіріледі.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM