Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеу блогер Илья Варламовты «шетел агенті» деп жариялады

KAZAKBOL.COM

Ресей әділет министрлігі блогер Илья Варламов пен халықаралық «Агора» адам құқықтарын қорғаушылар тобының басшысы Павел Чиковты «шетел агенті» деп жариялады.

Бұл тізімге ЛГБТ-қарым-қатынастар туралы «Парни Плюс/Парни+» сайты, «Воля» партиясының басшысы Светлана Лада-Русь (Пеунова), «Дождь» телеарнасының бұрынғы журналисі Богдан Бакалейко де енген.

Әділет министрлігінің мәліметінше, Варламов пен Чиков «билік органдары қабылдайтын шешімдер мен жүргізіп отырған саясаты туралы жалған ақпарат таратқан». Министрлік Варламов «шетел қаржы көздерінің қолдауына ие» деп есептейді. Чиковті «шетел агенттері материалдарын таратуға қатысты» деп айыптаған.

«Шетел агенттері» туралы заңнама Ресейде 2012 жылы пайда болды. Әділет министрлігі осы заңның көмегімен шетелден қаражат алатын, саяси қызметпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарды «шетел агенті» деп тануға мүмкіндік алды.

Мұндай қызметпен айналысатынын анықтау тәртібі заңда анық жазылмаған, сол себепті билік адам құқықтарын қорғау, экология, денсаулық сақтау, мәдениет және ағарту салаларында жұмыс істейтін ұйымдарды негізсіз қудалай бастады. Кейін БАҚ пен жеке тұлғаларды «шетел агенті» деп тану мүмкіндігі пайда болды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM