Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеу мэрі төбелеске қатысқан 200 мигранттың депортацияланғанын айтты

KAZAKBOL.COM

Мәскеу мэрі Сергей Собянин соңғы айларда Ресейден 200 мигранттың еліне депортацияланғанын, 800-іне қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, олардың бәрі жаппай төбелеске қатысқан.

«Полиция соңғы айларда қатаң рейд жүргізіп жатыр. 800 адамға қылмыстық іс қозғалды, 200 мигрант еліне жөнелтілді, 17,5 мигрантқа Ресейге кіруге тыйым салынды. Мұндай қонақтар бізге керек емес. Біз өте қонақжаймыз. Бірақ қонақтар өзге елдің заңын сыйлауы керек», — деді саясаткер.

Биыл 13 шілденің түнінде «Кузьминки» метросында жаппай төбелес болған. Әртүрлі мәлімет бойынша, оған 200 адам қатысқан. ІІМ 103 адамның ұсталғанын, 40-тан астамы қамауға алынғанын жариялаған.

6 тамызда Мәскеу түбіндегі Пограничный көшесінде де төбелес болған. Оған 40 шақты адам қатысқан. Сол күні Одинцово қаласында да оншақты мигрант төбелескен.

27 тамызда Мәскеудегі хостелде 20 мигрант арасында жанжал болған. Сол күні Мәскеудегі Бауман көшесінде төбелес болып, 50 адам полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Тамыз айының басынан бері Мәскеуде қоғамдық орындарда, мешіттерде қатаң тексеру жүргізіліп жатыр.

Собяниннің сөзінше, астанада тұратын мигранттардың көбі заңды сыйлайды. Тіркеліп, патент алып, қиын жұмыстардан бас тартпай істейді дейді ол.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM