Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеу соты оппозиционер Владимир Кара-Мурзаны 25 жылға соттады

KAZAKBOL.COM

Мәскеу қалалық соты оппозициядағы саясаткер Владимир Кара-Мурзаны мемлекетті сатты, Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратты, зиян ұйымдармен байланыс орнатты деген айыпптармен 25 жылға қатаң режимдегі колонияға соттады.

Бұл туралы «Интерфакс» тілшісі сот залынан хабарлады.

Үкім Мәскеу қалалық сотында 17 сәуірде оқылды. Саясаткердің үстінен қозғалған қылмыстық істерге қатысты сот наурызда басталды. Іс материалдары құпия болғандықтан сот жабық өтті.

Сот залына үкім оқылған уақытта мемлекеттік агенттіктер тілшілерін ғана кіргізіп, қалған журналистерді (50-ге жуық адам) трансляция бөлмесіне жіберді, деп хабарлады «Медиазона». Айыпталушыны сот залына алып келе жатқан уақытта трансляция сөніп қалған.

6 сәуірде мемлекеттік айыптаушы Кара-Мурзаны 25 жылға соттауды сұраған.

Саясаткер ісін судья Сергей Подопригоров қарады. Ол АҚШ-тың Магнитский тізімінде бар. Владимир Кара-Мурза дәл осы санкция тізімінің әзірленуін белсенді түрде қолдаған. Саясаткерге тағылған айыптардың ішінде оның осы тізімді дайындауға қатысқаны да бар.

10 сәуірде Кара-Мурза соттағы соңғы сөзін айтты. Ол кінәлі еместігін, жасаған әрекеттерін мақтан тұтатынын мәлімдеді. Саясаткер Ресейдегі заң жүйесін ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы жағдаймен салыстырды.

Владимир Кара-Мурза 2022 жылғы сәуірден бері тергеу изоляторында отырды. Наурыздың басында сот оны қамауда ұстау мерзімін тағы жарты жылға созған.

Адвокаттардың айтуынша, Кара-Мурза қамауда отырған уақытта 17 келі салмақ тастаған. Наурыздың ортасында саясаткер денсаулығы нашарлауына байланысты соттың бір отырысына қатыса алмады. Соның алдында ғана оппозиционер денсаулығы күрт нашарлағанын айтқан.

Тәуелсіз журналистер мен адам құқықтарын қорғаушылар Владимир Кара-Мурзаны қудалауды доғарып, оны тез арада босатуды талап еткен. Петицияға журналистер, құқық қорғаушылар, саясаткерлер, белсенділер, жазушылар және оппозициялық саясаткерлер, барлығы 70-тен аса адам қол қойған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM