Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеуде қырғыздардан құралған қылмыстық топ ұсталды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысы аумағында ұйымдасқан қылмыстық топ ақша бопсалаумен, кәсіпке бақылау орнатумен айналысқан.

Бұл топты Нарын облысында 1988 жылы туған А.А. есімді азамат басқарады. Оның лақап аты — Қарагер. Бұрын кісі өлтіру, қарақшылық, бұзақылық, алаяқтық қылмыстары бойынша сотталған. Қырғызстан ішкі істер министрлігінің есебінде ол ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді өкілі деп тіркелген.

10 маусымда Қырғызстан ішкі істер министрлігінің Мәскеудегі өкілдігіне келген бір қырғызстандық 32 жастағы туысын ұрлап әкеткенін айтқан. Кейін жәбірленуші жалға алынған пәтерлердің бірінен табылған. Қылмыскерлер оның туыстарынан 1 млн 800 мың рубль талап еткен.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қырғызстанның сегіз тумасы ұсталды. Олардың арасында ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Қарагер де бар. Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM