Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеуде мигранттар арасында жаппай төбелес болған

KAZAKBOL.COM

Мәскеуде мигранттардың жаппай төбелесі тіркелді. Бұл жолы оған Тәжікстан азаматтары қатысқан. Бұл туралы ТАСС агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, төбелеске 15-ке жақын адам қатысып, олардың бірі травматикалық қару қолданған. Бұл оқиғаға байланысты полицияға қоғамдық тәртіпті бұзған 66 адам жеткізіліп, «Қару қолданылған бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі дипломаттар Ресейдің құқық қорғау органдарымен байланыста болып, төбелестің себептерін анықтап жатқанын жеткізді.

Ресми мәліметке сәйкес, Мәскеуде 1 миллион 33 мың мигрант бар. Олардың көпшілігі Өзбекстан (31%), Тәжікстан (26%) және Қырғызстан (25,4%) азаматтары.

2021 жылы тамызда Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин соңғы айларда бас қалада тұрып келген 200 мигрант Ресейден шығарылғанын, 800 мигрантқа қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, олар «жаппай төбелеске қатысып, бірнеше рет заң бұзған».

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM