Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеуде соққыға жығылған тәжік студенті полицейлерді сотқа бермек (видео)

KAZAKBOL.COM

Ресейде оқитын тәжік студенті өзін сабап, қолын сындырған полиция қызметкерлерін сотқа бермекші.

Оқиға 15 сәуірде «Теплый стан» ауданындағы студенттер жатақханасында болған. Мәскеу архитектура институтының бірінші курс студенті Эмомхусейн Болтаевтың сөзінше, телефонмен дауыстап сөйлегені үшін жатақхана әкімшілігі оны балағаттап, кемсіткен.

«Ол мені «чурка» деп, әдепсіз сөздер айтып, жатақханадан шығарам деп қорқытты. Киім-кешегімді жинап, бөлмеден шығайын деп жатсам, екі полицей келді. Мен олардан құжаттарын көрсетуді сұрадым. Бірақ олар бірден мені байлап, сабай бастады. Олар мені полиция бөлімшесіне апарып, ол жақта да сабады», — деді 24 жастағы Эмомхусейн Болтаев.

Эмомхусейн ауруханаға ес-түсін жоғалтқан жағдайда жеткізілген.

Студенттер жатақхана әкімшілігі Татьяна Драчева Эмомхусейнмен кикілжің болғанын растап, ол ережені бұзды дейді.

Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі оқиғадан хабрдар екенін айтып, студентке көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Эмомхусейн Болтаев прокуратураға арыз жазып, оны сабаған полиция қызметкерлерін жауапкершілікке тартуға ниеттенетінін білдірді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM