Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеуде жаппай төбелестен кейін 15 тәжік мигранты ұсталды

KAZAKBOL.COM

Ресей құқық қорғау органдары топтық төбелеске қатысы бар деген күдікпен 15 тәжік азаматын ұстады.

31 қаңтарда Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі хабарлағандай, ұсталғандардың жетеуіне әкімшілік іс қозғалған. Олар Ресейден депортациялануы мүмкін. Тағы бір азамат бұзақылық жасады деген күдікке ілінді. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Осыған дейін тәжік мигранттары орыс құқық қорғау органдары әдейі «төбелес» ұйымдастырып, мигранттарды жаппай ұстап жатқанын айтып шағымданған.

Бірақ орыс билігі 29 қаңтарға қараған түні Мәскеудің оңтүстігінде болған төбелестен 15 адамның ұсталғанын хабарлады. Оларға қарсы заңсыз қару қолданды, бұзақылық жасады деген іс қозғалған.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде бүгінгі таңда 66 шетел азаматы тәртіп бұзды деген күдікке ілінген.

Тәжікстан елшілігі ресейлік құқық қорғау органдарын тергеу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуын талап етіп отыр. «Қажет болған жағдайда, консулдық қызметкерлері тәжік азаматтарына заңдық көмек көрсетуге әзір», — деп хабарлайды тәжік елшілігі.

Сонымен бірге тәжік үкіметі шетелдегі азаматтарын «кез келген арандатушылық әрекеттерден аулақ болуға» шақырып жатыр. Былтыр Ресей жүз мыңдаған тәжік азаматын елінен депортациялады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM