Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәжіліс депутаты Азаттық зерттеуіне байланысты бас прокуратураға сауал жолдайтынын айтты

KAZAKBOL.COM

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қамаудағы Қайрат Сатыбалды «Үшқоңырдағы резиденциясын Назарбаевқа сыйлағаны жайлы» Азаттық зерттеуіне байланысты бас прокуратураға сауал әзірлеп жатқанын айтты.

«Бұл қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекстің талаптарын өрескел бұзу. Бір емес, бірнеше заңның бұзылуына куә болып отырмыз…БАҚ туралы заңға сәйкес, егер ол шындыққа сәйкес болмаса мемлекеттік органдар терістуі тиіс. Кеше көргенім, бас прокуратура атына да, құзырлы органдарға сауал жолданған. Оған тиісті жауап та берілмеген» деді депутат.

Бір күн бұрын Азаттық сайты Алматы облысы, Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқаны жөнінде зерттеу жариялаған.

Биыл сәуірдің ортасында бұрын Сатыбалдының атында тұрған жайлаудағы осы резиденция ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың иелігіндегі «Елбасы» қорының меншігіне өткен. Азаттық радиосына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының берген жауабына сәйкес, мүліктің меншік құқығы сыйға тарту шарты бойынша өзгерген. Бірақ оның қалай жүзеге асқаны жұмбақ.

Қайрат Сатыбалды былтыр қыркүйекте серіктерімен бірге 40 миллиард теңгені талан-таражға салды деген айыппен Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бостандығынан айырылды.

Маусым айында мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Қайрат Сатыбалды тергеуде жүріп, Алматы ортасындағы Double Tree by Hilton Almaty қонақүйін сатып алғанын айтқан. Оның айтуынша, «тергеліп, изоляторда отырғанына қарамастан», Қайрат Сатыбалды «құжаттарға ие болып, нотариуспен және келіссөз жүргізушілермен ұдайы байланыс жасаған». Нәтижесінде құны 6 миллиард теңге болатын сатып алу келісімі жасалған.

Ізінше жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі интернетте талқыланған депутат Мақсат Толықбайдың «экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауда отырып, қымбат қонақүй сатып алды» деген мәлімдемесін жоққа шығарған.

Бір жыл бұрын Азаттық Үшқоңырда 9 мың гектардан астам жер Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі екенін анықтаған. Ол компаниялар бұрын Қайрат Сатыбалдыға қараған.

Алматы облысының прокуратурасы Азаттыққа бұрынғы президенттің туыстарынан (прокуратура есімдерін атамады) жиыны 4569 гектар болатын 12 жер учаскесі мемлекетке қайтарылғанын хабарлаған.

Дегенмен қазір Үшқоңыр сарайы Нұрсұлтан Назарбаевтың, ал айналасындағы мыңдаған гектар жер оның туыстарының меншігінде. Биыл сәуірде сарайдың меншік құқығы ауысқан уақытта мұндағы жер учаскелерін иелік етіп отырған компаниялардың түпкі құрылтайшысы да ауысқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM