Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мұхтар Тайжан Досаевты мемлекеттік қызметке жақындатпауды ұсынды

KAZAKBOL.COM
Фото: ratel.kz

Жер реформасы туралы комиссияның мүшесі, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның айтуынша, аталған комиссия отырыстары мемлекеттің қалтасына әжептеуір салмақ салып отыр деп хабарлайды Skifnews.kz.

Мәселен, соңғы Атырауда өткен жиынға қатысқан 25 адамға ең кемі 5 миллион теңге жұмсалды дейді ол. Бұл шығынға ғимараттың жалақысы, оған қызмет еткен адамдардың ақысын тағы қосыңыз.

Ал, бұған дейін комиссияның тағы 7 отырысы өткен болатын. Әрқайсысына 25 емес, 75-тен мүше қатысыпты. Демек, шығын көлемі де 2-3 есеге көп. Бұл қаражат демеушілердің қалтасынан төленіп жатпағаны белгілі. Сондықтан, әу баста осы комиссияның құрылуына себеп болған экс-министр Ерболат Досаев шығындарды өз қалтасынан жабуы тиіс деп есептейді Мұхтар Тайжан. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

«Жер мәселесі бойынша соңғы заң сапасыз болғандықтан халық оған қарсы үн шығарды. Бұл заңның авторы кім болатын? Ерболат Досаев мырза, өзі бұны мойындап сол үшін отставкаға кетті. «Отставка» болғанда қазір мемлекеттік «Байтерек» деген қорын басқарып отыр.

Менің ұсынысым — Жер Комиссияның бюджетін Ерболат Досаевтың жеке мойына іле салып, мемлекеттік жұмысынан алып тастау, болашақта жолатпау керек. Бұндай айыппұл толығымен әділетті болады деп санаймын», — дейді комиссия мүшесі.

Естеріңізге салайық, сәуір мен мамыр айында еліміздің бірнеше қаласында Жер кодексіне қарсы ұйымдастырылған митингтерден кейін Мемлекет басшысы Жер реформасы туралы комиссияны құрған болатын. Аталған комиссия жерді сату мен жалға беру мәселесін қарастыруда.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM