Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

МӘМС: Уақытылы аударылмаған салым үшін өсімақы 27 млн теңгеден асты

KAZAKBOL.COM

Астаналық жұмыс берушілердің Медициналық сақтандыру қорына уақытылы аударылмаған салым үшін өсімақысы 27,1 млн теңгеге жетті. Бұл сома Қор іске қосылған уақыттан бері, яғни, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап есептелді. Бүгінде жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін жалақы қорынан 1,5% көлемінде аударымдарды төлеуді жалғастырып келеді. Аталған мөлшерлеме көлемі 2020 жылға дейін сақталады. Медициналық сақтандыру қоры Астана қаласы бойынша филиалының ди⁠ректоры Н.Қабдықапаровтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға салым уақытылы төленбесе, Ұлттық банктің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінен 1,25 есе өсімақы беріледі.

Астана қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылатын міндетті төлемдердің сомасы бойынша Алматы қаласы және Қарағанды облысымен қатар көш бастап тұр. Астанадағы жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қазан айында 1,1 млрд теңгеге жуық жарна аударды, ал 2017 жылдың шілдесінен бері аударылған жарнаның жалпы сомасы 14,3 млрд теңгені құрайды.

Жалпы республика бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 113,8 млрд теңге түсті, бұл соманың 92,4%-і жұмыс берушілерге тиесілі. Жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер Қорға 8,6 млрд теңге аударды.

Міндетті медициналық сақтандырудың жинақталған қаржысы Ұлттық банкте сақталады. Ұлттық банк пен Қор арасында сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. 2020 жылдан бастап бұл қаражат МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Осы уақытқа дейін «ӘМСҚ» КЕАҚ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтердің ақысын төлейтін қаржы операторы міндетін атқарады.

Гульзира Жибекенова

тел: 8 (7172) 647-083
моб: +77778373344

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM