Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеу Құлыбаевқа Балтық теңізінен порт сатып алуына рұқсат берді

KAZAKBOL.COM

Ресейдің шетелдік инвестиция жөніндегі үкіметтік комиссиясы қазақстандық бизнесмен, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа Балтық теңізінің Выборгск шығанағындағы Высоцк портын ресейлік акционерлерден сатып алуға рұқсат берді.

Бұл туралы 28 сәуір күні Ресейдің Федералдық антимонополиялық қызметінің басшысы Игорь Артемьев осы ел премьері Дмитрий Медведев қатысқан үкімет мәжілісінің қортындысы бойынша брифингте айтты. Оның айтуынша, Құлыбаев Ресей-Финляндия шекарасынан 50 километр, ал Санкт-Петербургтен 90 километр жердегі Высоцк портын бақылау құқығына ие болады. Алайда порттың сатылуына қатысты қаржы мөлшері айтылмаған.

Ресей үкіметінің ресми сайты «Бұл Кедендік одақ аясындағы жұмыстардың жалғасы және қазақ өкілінің Балтықтағы салмақты активтерді сатып алуы бізді қуантады» деген ​Игорь Артемьевтің сөзін келтірген. Бұл тұста ресейлік шенеунік құрамына Ресей бастаған Беларусь, Қазақстан, Армения және Қырғызстан кіретін Еуразия экономикалық одағын меңзесе керек.

Балтық теңізі порттары сайтында Высоцк маңында көмір терминалы, мұнай өнімдерін тарату-жүктеу терминалы, сығымдалған табиғи газ жүктеу терминалы және қашықтан жасалған теңіз терминалы бар екендігі айтылады.Терминалдардың ортақ шекарасы жоқ, көмір терминалына автомобиль және теміржол төселген.

Америкалық Forbes журналы Тимур Құлыбаевтың дәулетін 3,2 миллиард доллар деп бағалаған. Журналдың мәліметінше, оның жұбайы, президент Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева екеуінің дәулетін қосқанда 6,4 миллиард доллардан асады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM