Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеуде жүріп ана тілін ұмытқан министр қазақша сұраққа жауап таппай қиналды

KAZAKBOL.COM

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. Фото: ria.ru

Депутаттар соңғы кездері жемқорлық дауымен аты шыққан министрлікті басқарып отырған Тимур Сүлейменовке үлкен сенім артты. Мәжілісмендер тағайындалғанына үш ай ғана өткен министрден қарапайым халыққа тиімді жобалар жасап, артынан жақсы із қалдыруын сұрады.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ал Мәскеуде бес жыл тұрып, ана тілін ұмытып қалған Тимур Сүлейменов үкімет сағатындағы үш сағатта тек орысша баяндап, орыс тілінде жауап берді.

Үкімет сағатына тыңғылықты әзірленіп келген Ұлттық экономика министрі кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанына ұзақ тоқталды. Ең бастысы, бизнесті несиелеу үшін жыл сайын миллиардтаған қаржы мемлекет қазынасынан жұмсалып жатыр. Министрдің есебінше, бір ғана «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына 344 миллиард теңге бөлінсе, субсидияға 146 миллиард теңге беріліпті.

Алайда, депутаттардың баяндамасы, министрдікінен басқаша шықты. «Даму» қоры арқылы мемлекеттен ақша алып отырған кәсіпкерлер жұмыс істемеген. Яғни субсидия құмға сіңген судай жоқ болып, бизнес өкілдері табыс салығын төлемеген, жұмыс орындарын ашпаған.

«Мемлекеттен қолдау алған кейбір кәсіпкерлер жұмыстарын тоқтатқан. Яғни бұл жерде айтуға болады, Даму қоры кәсіпкерлерге ақша таратумен айналысқан. Тиімсіз бағдарламаны жүзеге асырған», — дейді мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Ал мәжілісмен Омархан Өксікбаев министрден жер дауына қатысты отставкаға кеткен Ерболат Досаев пен пара алды деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың қателігін қайталамауын сұрады….

«Тәуелсіздік алғалы бері 20-ші экономика министрлігін басқарған. Біреуі бағы жанып кетті, өзі жанып кетті, біреуі шулатып кетті. Енді сіздің артыңызда жақсы бір із қалса екен деген ниет айтқым келеді», — деді депутат Омархан Өксікбаев. 

Мәжілісмендердің экономика министріне сауалдары түске дейін тоқтамады. Әсіресе ана тіліндегі сауалдарға бірден жауап таппай терлеген Тимур Сүлейменовты депутаттардың қыспағынан тағы да вице-спикер құтқарып қалды. Владимир Божко 18 сұрақтан кейін ұмытшақ министрді үкімет сағатынан босатып жіберді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM