Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Маңғыстауда танкішілердің атыстары өтті (фото)

KAZAKBOL.COM

Ақтаудағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының танк экипаждары штаттық снарядтармен атыс жүргізді.

Танкішілер шартты нысаналар бойынша Т-72 танкісінің қару-жарағынан дәлдеп ату шеберліктерін паш етті. Экипаждар бақылау оқ атудың бірінші жаттығуын орындады. Оның барысында 1600 метр қашықтықтан шартты танктер бойынша 900 метрге дейінгі қашықтықтан автомобильде қол танкіге қарсы гранатаатқыш пен серпілмейтін зеңбірек және 700 метрден қол танкіге қарсы гранатаатқышпен оқ атуды жүргізді. Одан басқа, танкішілер танкіге атыс жиынтығын салу, танктің бөлімшесі мен қару-жарағын жорықтық қалыптан жауынгерлікке және кері қарай көшіру жөніндегі практикалық нормативтерді орындады.

Оқ атуларды өткізудің басты мақсаты әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, штаттық қару-жарақтан олардың оқ ату шеберліктерін жетілдіру, атысты басқаруды дұрыс ұйымдастырудағы практикалық машықты игеру болды.

Оқ атулардың қорытындысы бойынша 2-ші танкті ротасының командирі аға лейтенант Азамат Қондыбаевтың жеке құрамы барлық тиісті нормативтерді сапалы әрі жылдам орындап, барлық межелерге дөп тигізді. Үздік танк командирі ретінде сержант Әбдуғазиз Сейтқожа танылды.

Анықтама: танктің оқтары штаттық және штаттық емес болып бөлінеді. Штаттық оқтарға үш түрлі снарыдтар жатады, олар: жарықшақты-фугасты, кумулятивті және құрыш бұзар снарядтар. Бұдан басқа снарядтардың барлығы, анрайы снарядтар санатына жатады, олардың 30-ға жуық түрлері бар. Т-72 танкісі қару-жарағынан штаттық оқ атулар жыл сайын жылына екі рет өткізіледі және дәл осы жерде, яғни, полигонда танкіші нағыз кәсіпқойға айналады. Себебі, мұндай штаттық жаттығулар жеке құрамның танкті оқ атудың қуаттылығын сезініп, әрекет етуде ұрыс машиналарын көріп, өздерінің жауынгерлік даярлықтарын жақсартуға бағытталған.

пресс-служба Управления командующего

войсками регионального командования «Запад»

капитан Рустем Игисинов

Контакты: +7-777-641-11-72 (Whatsapp)

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM