Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мақсаты — «Айбын» әскери-патриоттық жиынының жеңімпазы атану

KAZAKBOL.COM

«Айбын» республикалық жастар жиыны өз кезегінде ауқымды әскери-патриоттық іс-шара. Жиын бастау алғалы оқушылардың дайындықтары да арта түскен. Биылғы жиында Оңтүстік өңірлік қолбасшылықтың намысын қорғайтын «Болашақ» әскери-патриоттық клубының дайындығы жоғары деңгейде өтуде.

Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиынына «Болашақ» әскери-патриоттық клубынан 15 оқушы қатысқалы жатыр. Бұл клубтың тәрбиеленушілеріне Шымкент гарнизонының механикаландырылған құрамасының әскери қызметшілері қамқорлық көрсетуде.
Отанды сүюдің бастамасын көрсететін оқушылар дайындық барысында «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы, «SmartSarbaz-2022» өнертапқыш байқауы, «Жас сарбаз – Жас тілшілері» жас журналистердің медиа-байқауы және АК-74 қаруынан толық емес бөлшектеумен қатар, дене шынықтыру нормативтерін тапсырудан тәжірибелерін шыңдауда.

– Біз «Болашақ» командасы биылы жылдың маусым айында Қарағанды облысында өтетін «Айбын -2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына дайындалу үстіндеміз. «Айбын» жиыны жастарға бағыт-бағдар беретін, сондай-ақ елге деген патриоттық сезімді оятатын, жерімізді нық сеніммен қорғау үшін патриоттық сезімімізді ары қарай дамытатын сайыс дей аламын, – дейді клуб тәрбиеленушісі Сымбат Мырзағали.

Жастар мен жасөспірімдердің әскери өмірге деген қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Осы орайда, «Айбын» әскери-патриоттық жиынының мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, олардың болашақта Отан қорғауға әзірліктерін пысықтауға, әскери саланың тәртібі мен жинақылығына бейімдеуге бағытталған.

Әскери қатал тәртіпті, адалдықты, жолдастық сезімді осындай іс-шара¬лалардан бойына сіңіріп өскен ұрпақ өмірлік жолында қандай да болсын қиындықтарды оңай еңсерері сөзсіз. Сондықтан да, «Айбын» – ұлттың қамы, болашақтың баянды болуының кепілі.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM