Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«МАЭК – Қазақатомөнеркәсіп» екі күн ереуілдеген жұмысшылар тарады деп мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Ақтаудағы «Маңғыстау атом энергетика комбинаты (МАЭК) – Қазақатомөнеркәсіп компаниясы бірнеше күн ереуілден соң, жұмыс орнына оралды деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі. Айтуынша, жұмысшылар 8 ақпан кешкісін тараған.

Компания басшылығы митингке қатысқандарды қудаламайтынын, мәселені мемлекеттік органдармен бірлесіп шешетінін жеткізген.

«Жұмысшылар көтерген мәселе бір күн ішінде шешіле салмайды. Мұны энергетика министрлігімен бірлесіп шешеміз. Қазір жұмысшылардың айлығын 30 пайызға көтеру мәселесі қаралып жатыр»,- деді «МАЭК – Қазақатомөнеркәсіп» компаниясының бас директоры Талғат Есентүгелов.

9 ақпанда Азаттық радиосына сұқбат берген жұмысшылардың бірі Жеміс Бекжанова өздерін «алдап» таратқанын айтады.

— Адамдар оралды. Бірақ оларды алдап әкелді. Бұл жағдай арбитраждық комиссия деңгейінде шешілуі тиіс еді. Кеше энергетика вице-министрі келіп, келісім-шартты қайта қараймыз деді, — дейді ол.

МАЭК жұмысшылары ереуілі дүйсенбі, 7 ақпан күні басталған. Сол түні олар мекеме алдына киіз үй тігіп, қонып шықты.

МАЭК қызметкерлерінің бірі Жеміс Бекжанованың Азаттыққа мәлімдеуінше, жұмыс беруші талаптарын орындаудың орнына қысымды күшейте түскен.

— Еңбек кодексіне сәйкес бізде қазір еңбек дауы жүріп жатыр. Ортақ шешімге келген жоқпыз, арбитраждық комиссия да жоқ. Соған қарамастан МАЭК басшылығы жалақымыздың 30 пайызға көтерілетіні жазылған өткен күнмен шыққан бұйрықты әкеліп, қорқытып қол қойдыртуға тырысып жатыр, — дейді ол.

МАЭК жұмысшыларының талабы — жалақыны 50-70 пайызға көтеру. Олардың айтуынша, мекемеде 90-120 мың теңге жалақы алады.

— Салықты ұстап қалғанда қолымызға әр жұмысшы санатына қарай 70-100 мың теңге тиеді. Жұмыстың денсаулыққа зияны – басқа әңгіме. Аттестацияға сәйкес мұндай мекемедегі зиянның деңгейі 24%-дан кем болмайтыны белгілі. Алайда олар құжатта МАЭК-тегі зиян деңгейін 8-4% етіп жазу арқылы жұмысшыларды сүтпен, тамақпен қамтамасыз етуден қашып отыр, — дейді Жеміс Бекжанова.

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты аймақтағы өндіріс орындарын және тұрғындарды электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтиды. Кәсіпорында 3 645 жұмысшы мен түрлі маман еңбек етеді.

Өткен аптада Маңғыстау аймағында бірнеше компания жұмысшылары наразылық білдірді. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Дунга кен орнын игеріп жатқан «Total» ЖШС, Жаңаөзендегі «Қазақгазөңдеу» зауытының аутсорсинг компаниясы, «КаспийПрофСнаб» пен мұнай компанияларына қызмет көрсететін «Planika» ЖШС жұмысшылары да жалақыны көтеру мен еңбек келісім-шартымен жұмысқа алу талабын айтып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM