Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

McDonald’s мейрамханалары Алматыда атауын көрсетпей, жұмысын қайта бастады

KAZAKBOL.COM

Алматыдағы McDonald’s мейрамханалары атауын көрсетпей, жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Информбюро басылымы хабарлайды.

«2023 жылғы 23 қаңтарда Food Solutions KZ компаниясына қарайтын, бұған дейін McDonald’s брендімен шығып келген мейрамхана жұмысын қайта бастады. Жылдам қызмет көрсететін мейрамхана желісі біртіндеп ашылмақ, алдымен Алматыда 5 мейрамхана ашылады» делінген компанияның ресми хабарламасында.

Ақпаратқа қарағанда, Алматының Төле би, Шевченко, Мұстафин, Бұхар жырау көшелері мен Розыбакиев көшесінде орналасқан MEGA ойын-сауық кешеніндегі мейрамханалары ашылған.

«Мейрамхана жабылғандағы қызметкерлердің жұмыс орындары, жалақысы мен еңбек шарттары сақталады» дейді компания.

«Әзірше мейрамханалардың атауы жоқ, бірақ жақын уақытта жаңа атауын ұсынамыз» дейді Food Solutions KZ компаниясының бас директоры Әсет Машанов.

Биыл қаңтарда Ресейден ет тасымалдау мүмкіндігінен айырылған McDonald’s Қазақстан нарығынан да кететіні туралы хабар тараған. Қазақстандағы McDonald’s франшизасының операторы Food Solutions KZ елде жаңа бренд пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

McDonald’s франшизасы қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаевқа тиесілі. Ол – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы. Боранбаев былтыр наурызда «квазисектордан ірі көлемде қаражат жымқырды» деген күдікпен ұсталып, тергеуге алынған. Қазір оның ісі бойынша сот өтіп жатыр. Боранбаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Өткен аптада Қазақстанның әділет министрлігі, ресейлік «Вкусно – и точка» компаниясының тауар белгісін тіркеу туралы өтінішін қарап жатқанын хабарлаған.

Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары департаментіне сілтеме жасаған «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі «Ресейдің «Система ПБО» компаниясының «Вкусно – и точка» тауар белгісін тіркеу туралы өтінішін Қазақстанның сарапшылар ұйымы қарап жатыр» деп хабарлаған.

Былтыр ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін McDonald’s компаниясы Ресейдегі мейрамханаларын жапқан. McDonald’s-тің Ресейдегі желісін жергілікті кәсіпкер Александр Говор сатып алған. Маусымда Ресейдегі McDonald’s желісі «Вкусно – и точка» деген жаңа брендпен қайта ашылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM